Ақпарат
Мектепте 10-сынып оқушылары арасында әскери-патриоттық ән орындау және саптық дайындық бойынша іс-шара өткізілді.
Оқушылар белсенді қатысып, тәртіп, ұйымшылдық және жауапкершілік танытты. Саптық дайындық барысында олар негізгі сап элементтерін меңгеріп, бірлесіп әрекет ету дағдыларын дамытты.
Әскери-патриоттық әндерді орындау арқылы оқушылар Отанға деген сүйіспеншілігін, батырларға деген құрметін және патриоттық сезімін көрсетті.
Мұндай іс-шаралар оқушылардың елжандылық рухын қалыптастырып, бірлік пен тәртіпке тәрбиелейді.



Дата публикации: 09.05.2026