Ақпарат
2026 жылғы 22 сәуір күні 11-сынып оқушылары үшін Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті өкілдерімен онлайн кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – мектеп түлектерін жоғары білім алу мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру, университеттің білім беру бағдарламаларымен таныстыру және оқушылардың кәсіби бағдарлануына қолдау көрсету.
Кездесу барысында университет өкілдері:
* факультеттері мен білім беру бағдарламалары;
* білім беру гранттарының саны;
* студенттік өмір туралы кеңінен ақпарат берді.
Кездесу мазмұнды әрі пайдалы өтті, оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, аграрлық мамандықтарға деген қызығушылығын арттырды.



Дата публикации: 22.04.2026