Ақпарат
2025 жылғы 23 желтоқсанда лингвистика пәні бойынша республикалық кезең аясында мотивациялық олимпиада өтті. Олимпиадаға қатысушыларды Петропавл қаласындағы дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы — «Қызылжар дарыны» қабылдады.
Аталған іс-шараға біздің мектептің 9-сынып оқушысы Брехт Ангелина қатысты. Мұндай олимпиадалар теориялық білім мен практикалық дағдыларды дамытуға, өзіне деген сенімділікті арттыруға және стандарттан тыс тапсырмаларды сәтті шешуге дайындайды.
👏 Барлық қатысушыларға лингвистика әлемінде жаңа жетістіктер мен жеңістер тілейміз!

Дата публикации: 23.12.2025