«Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауапкершілігі»
«Академик Е. А. Бөкетов атындағы мектеп-гимназиясында» ҚММ 6-сынып оқушыларына «Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауапкершілігі» тақырыбында түсіндіру жұмысы өткізілді.
Кездесуді Шал ақын ауданы ПБ ЖПҚБ ЮПТ аға инспекторы, полиция капитаны Аманжолова Б.С. жүргізді. Оқушыларға заңнаманың негізгі талаптары, құқық бұзушылық түрлері және олардың салдары түсіндірілді.
Сондай-ақ мектепте және қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау ережелерін сақтау, өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Дата публикации: 04.05.2026