«Адал азамат»
Әр дүйсенбі сайын «Академик Е.А. Бөкетов атындағы мектеп-гимназиясын» КММ оқушылар педагогикалық ұжыммен бірге «Адал азамат» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындайды. Бұл маңызды іс-шара оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастырып, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыруға және азаматтық жауапкершілікті нығайтуға ықпал етеді.
Сондай-ақ, саптық жиын барысында түрлі байқаулар мен іс-шараларда жүлделі орындарға ие болған оқушылар марапатталды. Оларға жеткен жетістіктері мен мектеп өміріне белсенді қатысқандары үшін құрмет грамоталары табысталды.
 
Дата публикации: 20.04.2026