«Адал азамат»
«Адал азамат» бағдарламасы шеңберінде апта сайын бейсенбі күні мектепте Тазалық күні өткізіледі. Бұл күні әр сынып өздеріне бекітілген кабинеттерде тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында жұмыстар жүргізеді. Аталған шара оқушыларды еңбекқорлыққа баулып, жауапкершілік сезімін арттыруға, тазалықты сақтаудың маңызын түсіндіруге және бірлесе жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Тазалық күнін тұрақты түрде ұйымдастыру мектепте жайлы, таза әрі қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға ықпал етеді.


Дата публикации: 19.12.2025