28 сәуір
«Академик Е. А. Бөкетов атындағы мектеп-гимназиясы» КММ құттықтайды
10 «А» сынып оқушысы Анастасия Руткаускас орыс тілінде білім алатын оқушыларға арналған қазақ тілі бойынша республикалық олимпиадада мектебіміздің намысын лайықты қорғады
Бірнеше іріктеу кезеңдерінен өтіп, ол 3–8 сәуір аралығында Тараз қаласында өткен олимпиаданың IV (қорытынды) кезеңіне жолдама алды. Жоғары бәсекелестік пен тапсырмалардың күрделілігіне қарамастан, Анастасия терең білімін, табандылығын және дамуға деген ұмтылысын көрсете білді. Нәтижесінде қатысушы сертификатымен марапатталды.
Мұндай деңгейдегі олимпиадаға қатысу — үлкен жетістік әрі маңызды тәжірибе. Бұл оның мақсатқа ұмтылғыштығын және қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын дәлелдейді
Оқушыны дайындаған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алгужина Гульзада Казановнаға алғысымызды білдіреміз
Сіздермен мақтанамыз және жаңа жеңістер тілейміз!
 
Дата публикации: 27.04.2026