1 қыркүйек
1 қыркүйек күні «Академик Е.А. Бөкетов атындағы мектеп-гимназиясында» Білім күніне және 2026–2027 оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиын өтті.
Салтанатты шараға құрметті қонақтар қатысты:
* Шал ақын ауданының әкімі Омаров Қайрат Қайруллинович;
* Шал ақын ауданының білім бөлімінің басшысы Ахмадикызы Бұлбұл;
* Шал ақын ауданы полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Еслямбеков Ерлік Жанұзақович.
Шал ақын ауданының әкімі Омаров Қайрат Қайруллинович оқушыларды, ата-аналар мен ұстаздарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, шәкірттерге оқуда табыс, білімге деген ұмтылыс, жаңа жетістіктер мен өз күштеріне деген сенім тіледі.
Жаңа 2026–2027 оқу жылы барлық оқушылар үшін жаңа білім мен қызықты жаңалықтарға, маңызды жетістіктер мен жарқын жеңістерге толы болсын!
 
Дата публикации: 01.09.2026