«Заң және тәртіп»
«Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында мектебіміздің оқушылары Полиция бөлімі мен Төтенше жағдайлар бөліміне барды.
Кездесу барысында полиция қызметкерлері оқушыларға күнделікті атқаратын қызметі, міндеттері, заңды сақтау маңыздылығы және құқық бұзушылық үшін жауапкершілік туралы айтып берді. Оқушылар қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі құқық қорғау органдарының рөлімен танысты.
Төтенше жағдайлар бөлімінде мектеп оқушылары құтқарушылардың жұмысымен танысып, төтенше жағдай кезінде қалай әрекет ету керектігін, күнделікті өмірде қандай қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін және адамдардың қауіпсіздігі үшін ТЖ қызметкерлері қандай жауапкершілік атқаратынын білді.
Мұндай кездесулер оқушылардың құқықтық мәдениетін, тәртібін және қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауын қалыптастырып, маңызды әрі сұранысқа ие мамандықтар туралы түсініктерін кеңейтеді.
Дата публикации: 13.02.2026