- Мемлекеттік рәміздер
- Наши достижения
- Профилактика правонарушений
- Мемлекеттік қызметтер
- Государственная аттестация
- Біртұтас тәрбие
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
- Центр педагогической поддержки родителей
- Адал Ұрпақ
- Ящик доверия
- Библиотека. Нормативные документы
- Мемлекеттік сатып алулар
- Мектеп бітірушілерінің қорытынды аттестаттауы
- Вакансии
- Психологическая служба
- Консультационный пункт
«Жас сақшы»
24 қазан күні академик Е.А. Букетов атындағы мектеп-гимназиясында Қазақстан Республикасының басты мемлекеттік мерекесі — Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Салтанатты саптауға аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Еслямбеков Ерлік Жанұзақұлы, білім бөлімі РМК-ның меңгерушісі Капеева Гүлмира Амангелдіқызы және мектеп директоры Мұхамедин Сырым Қойшыбайұлы қатысты. Құрметті қонақтар оқушылар мен ұстаздарды мерекемен құттықтап, табыс, бірлік және Отанымыздың өркендеуін тіледі.
«Жас сақшы» сыныбы мен 7 «Ә» сынып оқушыларының ант қабылдауы болды. Бұл салтанатты сәт оқушылардың Отанға адалдығын, заңдарды құрметтеуін және Тәуелсіз Қазақстанның лайықты азаматы болуға деген ұмтылысын білдірді.
Патриоттық рухта өткен мерекелік саптауда қатысушылардың жүрегін елге деген мақтаныш пен сүйіспеншілік сезімі кернеді!

Дата публикации: 28.10.2025