«Таза Қазақстан»
«Таза Қазақстан» акциясы аясында мектеп ұжымы сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында мектебіміздің педагогикалық ұжымы мен қызметкерлері тазалық жұмыстарын жүргізу мақсатында сенбілікке шықты.
Іс-шара барысында мектеп ауласы мен оған іргелес аумақтар қоқыстан тазартылып, жасыл желектер ретке келтірілді. Қатысушылар қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және туған жерге деген жанашырлықты арттыру бағытында белсенділік танытты.
Аталған акция ұжымның ұйымшылдығын көрсетіп қана қоймай, тазалық пен тәртіпті сақтаудың маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.
 
Дата публикации: 04.04.2026