Ата-аналар жиналысы
2026 жылғы 12 ақпанда Шал ақын ауданы прокуратурасының бастамасымен мектепте ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыста келесі мамандар баяндама жасады:
— Шал ақын ауданы прокуратурасының аға прокуроры Әбілмажинова Сания Серікқызы;
— Шал ақын ауданы ЖПҚ инспекторы, полиция майоры Енсегенова Жібек Жұмабекқызы;
— мектептің педагог-психологы Әшім А.Т.
Кездесу барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдердің деструктивті мінез-құлқының профилактикасы, сондай-ақ 2025 жылғы қыркүйек пен 2026 жылғы ақпан аралығында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстардың нәтижелері қарастырылды.
 
Дата публикации: 13.02.2026