Выпуск 2023

Еліміздің мектептерінде соңғы қоңырауға арналған салтанатты жиындар өтті. Е.А.Бөкетов атындағы мектеп-гимназиясында соңғы қоңырауға арналған мерекелік іс шараға қатыстым
Мектеп бітірушілерді, ата-аналарды, ұстаздарды оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтадым.
Кейбіреулер үшін алда - қызықты уақыт - жазғы демалыс. Бірақ біздің түлектер бүгінде «мәреге» жетті, олар үшін өмірдің жаңа кезеңі басталады.Өмір жолын таңдау көбінесе болашақ мамандығын, азаматтықты анықтайды. Оларға тек бір нәрсе өзгеріссіз қалатынына сенімдімін, ол – Отанға деген сүйіспеншілік, халқына деген адалдық. Ал бүгін жарқын, батыл, белсенді түлектерге қарап –біздің ауданымыздың, еліміздің болашағы жарқын екенін түсінеміз! Сәттілік, құрметті түлектер! Игі істеріңізде сәттілік серік болсын!

Дата публикации: 03.06.2023