Шахмат турнирі
Шахмат үйірмесі аясында мектепішілік турнир өтті ♟️
Мектебімізде шахмат үйірмесінің жұмысы аясында мектепішілік шахмат турнирі өтті.
Жарыстың мақсаты – оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, шахматқа деген қызығушылығын арттыру және үздік ойыншыларды анықтау.
Оқушылар жоғары дайындық деңгейін, зейінділікті және стратегиялық ойлау қабілеттерін көрсетті. Жарыс қызықты әрі тартысты өтті.
Жарыс нәтижесі бойынша:
👦 Ұлдар арасында:
🥇 1 орын – Таласпай Темірлан
🥈 2 орын – Симамбай Назар
🥉 3 орын – Қуат Жәңгір
👧 Қыздар арасында:
🥇 1 орын – Рүстем Айханым
🥈 2 орын – Досымова Дария
🥉 3 орын – Сағынбай Фатима
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға белсенділігі мен еңбегі үшін алғыс білдіреміз!
Үйірме жетекшісі – Сыздыкова Д.М.
 
Дата публикации: 13.11.2025