“Оқитын мектеп”
“Оқитын мектеп” жобасы аясында “Академик Е.А.Бөкетов атындағы мектеп-гимназияда” КММ-де 4 ақпан күні “Оқимыз,ойнаймыз,демаламыз” атты әдеби-кітапханалық десант өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: оқуға және кітапқа деген қызығушылықты қалыптастыру,ойын түріндегі жұмыс формалары арқылы оқушылардың оқу белсенділігін дамыту,дүниетанымын кеңейту, пайдалы әрі мазмұнды демалыс ұйымдастыру,оқу мәдениетін қалыптастыру.
Әдеби-кітапханалық десант-танымдық-ойын бағдарламасы түрінде өткізілетін кітапханалық іс-шара. Іс-шара барысында оқушылар қызықты кітаптармен танысып,әдеби ойындар мен тапсырмаларға қатысып,достық әрі шығармашылық атмосфера қалыптасты
 
Дата публикации: 04.02.2026