Мектеп парламенті

Мектеп парламентінің мүшелері мектеп директорымен кездесу өткізді. Кездесу барысында фракция мүшелері өздерін таныстырып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Сонымен қатар мектепті жаңғырту, оқу үдерісін жетілдіру және оқушылардың белсенділігін арттыру бағытында бірқатар ұсыныстарын ортаға салды. Тараптар өзара пікір алмасып, мектептің дамуына ықпал ететін ортақ жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады.

Дата публикации: 28.11.2025